АймақЖаңалықтар
Қарағанды университеті Абай облысындағы алапат өрттен зардап шеккендерге 10 білім грантын бөлді
Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Абай облысында орман өртінен зардап шеккен отбасылардың балаларына 10 білім беру грантын береді. Мұндай шешімді ЖОО басшылығы қабылдады.
– Біздің университет Абай облысының тұрғындарының жағдайына бей-жай қарай алмады. Біз оларды осындай қиын кезеңде қолдау керек деп шешім қабылдадық. Осы мақсатта біз орман өртінен зардап шеккен отбасылардан шыққан балаларға университет қабырғасында тегін оқуға 10 грант беруге дайынбыз. Қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз, – деді ҚарУ ректоры аппаратының басшысы Серік Қалқаманов.
Сонымен қатар, ҚарУ еріктілері орман өртінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға көмектеседі.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz