Жаңалықтар

Қарағанды әуежайында декларацияланбаған тауарлар анықталды

Қарағанды әуежайында кедендік шекарадан өткен жолау­шының қол жүгі мен багажын Кедендік бақылау барысында тауарлардың декларацияланбаған коммерциялық партиясы анықталды. Технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер декларацияланбағаны үшін тәркіленді.

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәлімдеуінше, 20 тамыз­да «Әуежай-Қарағанды» кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ «Қарағанды» шекаралық бақылау бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қарағанды қаласының «Сарыарқа» халықаралық әуежайында Түркия Республикасының азаматын ұстаған.

Антальядан әуе рейсімен келген және жасыл дәліз арқылы кедендік шекарадан өткен жолау­шының қол жүгі мен багажын Кедендік бақылау барысында тауарлардың декларацияланбаған коммерциялық партиясы (технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер) анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 551-бабының 1-бөлігі бойынша тауарларды кедендік декларацияламағаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сондай-ақ, 30 АЕК немесе 103 500 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды. Алынған тауарлар уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Кедендік декларациялауды және тиесілі кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді жүзеге асыру мақсатында тауарлардың кедендік құнын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

Департаментте Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізудің бірыңғай тәртібі (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты жекелеген мәселелер туралы» № 107 шешімімен бекітілген) қолданылатынын еске салды. Шешімде жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелудің құндық, салмақтық және сандық нормалары бекітілген.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button