АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағанды әуежайы маңында шұғыл әрекет ету жаттығулары өтеді

Бүгін 22 мамырда сағат 15:00-ден бастап Қарағанды қаласындағы «Сары-Арқа» халықаралық әуежайы аумағында лаңкестікке қарсы шұғыл әрекет ету бойынша «Дабыл-Антитеррор-2025» атаулы ажыратылған оқу-жаттығу өтеді.

Сурет caravan.kz

Оқу-жаттығу аясында Қарағанды әуежайының маңында автокөлік қозғалысын шектеу бойынша уақытша шаралар қабылданатын болады.

Қала тұрғындары мен азаматтарынан мемлекеттік органдар мен арнайы қызмет өкілдерінің заңды талаптарын орындау, тек ресми ақпарат көздеріне сену және жалған ақпарат таратпау жөнінде өтініш жасалады.

Басқа материалдар

Back to top button