Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды триатлон паркінде ағаш отырғызу жұмыстары басталды

Қарағандыда көктемгі ағаш отырғызу науқаны аяқталуға жақын. Биыл “Көгілдір тоғандар” шағынауданының маңында орналасқан триатлон паркінің өзінде ғана 1000 түп көшет пайда болады. Осынау маңызды іске жауапты сала мамандарының хабарлауынша, мұнда  үйеңкі, мойыл, шаған, тал, долана, шегіршін және терек ағашы өсіріледі.


– Бұл ағаш түрлерінің өсіп-өнуге бейімділігі  Қарағандының климаттық жағдайына толық сәйкес келеді. Сондықтан, олардың тамырланып, бүршік жаруы қиындық тудырмауы тиіс. Биыл триатлон паркінде 1000 түп ағаш отырғызамыз. Көктемгі-жазғы кезеңде олар аптасына 3-4 рет суарылатын болады, – дейді мамандар.

 
 

Басқа материалдар

Back to top button