Жаңалықтар

Қарағанды теміржол вокзалы қашан ашылады?

Қарағанды теміржол вокзалындағы жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Мердігерлердің айтуынша, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары маусым айында аяқталады. Бүгін аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек вокзалдағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты.  

– Иә, адамдардан сын келіп түсті және олардың барлығында негіз бар. Бұл жұмыстар қыс мезгілінде жүргізілді. Көктемде  перронда және вокзал қасбетінің алдыңғы жағында шөгінді пайда болды. Әрі, қыс қарлы болғандықтан, жұмысшылар аумақты мұздан аршып, кейбір плиткалар сынған еді. Біз ол кемшіліктерді жойдық. Жалпы алғанда,  6 мың шаршы метрден астам қырлы тасты қайта төседік. Сыртқы қасбетін жөндеу жұмыстары аяқталды. Тұрғындар наразылығын тудырған кемшіліктердің барлығы жойылды, – деп мәлімдеді «ҚТЖ – жүк тасымалы» АҚ – «Қарағанды жүк тасымалы бөлімшесі» филиалының директоры Марлен Көкірекбаев.

Қайта құру аяқталғаннан кейін вокзалдың өткізу қабілеті екі есе артады. Ғимаратта қазірдің өзінде ана мен бала бөлмелері, демалыс бөлмелері, мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған лифтілер мен эскалаторлар орнатылған.
Барлық қажетті жабдықтар сатып алынды. Қазір оны орнату және іске қосу жүзеге асырылуда.

 

Басқа материалдар

Back to top button