Бас тақырыпЖаңалықтар
Қарағанды-Теміртау тас жолында жөндеу жұмыстары басталды
Бүгіннен бастап республикалық маңызы бар Астана – Алматы бағытының Қарағанды – Теміртау учаскесінде жол жамылғысындағы ақауларды жою бойынша жөндеу жұмыстары басталды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, бұл учаскеде жөндеу жұмыстары аяқталғанша қозғалыс бір жолақ бойынша реверсивті тәртіпте жүзеге асырылады. Аталмыш компания жүргізушілерден төтенше жағдайларды болдырмау үшін жол қозғалысы ережелері мен белгіленген жылдамдықты сақтауды, жолда мұқият болуды және кенеттен маневр жасамауды сұрайды.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.