АймақЖаңалықтар
Қарағанды-Теміртау тас жолында бірнеше көліктің қатысуымен ірі жол апаты орын алды
Кеше ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды-Теміртау тас жолында үш ірі жол апаты орын алды.

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, Қарағанды-Теміртау тас жолында 10-нан астам көліктің қатысуымен үш жол-көлік оқиғасы орын алған. Зардап шеккендер жоқ.
Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері жолдың нашар көрінуі және жүргізушілердің жылдамдықты шектен тыс асыруынан болған. Қарағанды облысының полиция департаменті азаматтарды ауа райының қолайсыз кездерінде алыс қашықтыққа сапарға шықпауға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады. Полицейлердің айтуынша, 6 наурызда Қарағандыда 30-ға жуық жол апаты тіркелген.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.