АймақЖаңалықтар
Қарағанды-Теміртау тас жолында адам өлімімен аяқталған жол апаты орын алды
16 ақпан күні сағат 16:30-да Қарағанды-Теміртау тас жолының бірінші шақырымында «ПАЗ» автобусы мен “HOWO” жүк көлігі соқтығысқан жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат кезінде автобуста 4 жолаушы болған. Оқиға салдарынан автобустың 26 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Қарағанды облысының полиция департаменті аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.