«Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы»Жаңалықтар

Қарағанды техникалық университеті талапкер қабылдауды жалғастыруда

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде 2023-2024 оқу жылына талапкерлерді қабылдау жалғасуда. Аталған оқу орнының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 13-20 шілде аралығында университеттің қабылдау комиссиясына білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға 1416 талапкер ниет білдірген.

 

–  Университетімізде болашақ студенттер таңдайтын ең танымал мамандықтар – тау-кен және пайдалы қазбаларды өндіру, ақпараттық технологиялар, электротехника және энергетика, құрылыс және сәулет салаларына қатысты. Талапкерлерге білім грантын беру конкурсының нәтижелері 10 тамызға дейін жарияланады, – дейді оқу орнының баспасөз қызметінің басшысы Николай Кравец.

Сондай-ақ, 1-тамыздағы жағдай бойынша ақылы негізде жоғары кәсіптік білім алуға 327 адам құжат тапсырған. Оқу құны өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз.

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті QS Word University Rankings – 2024 халықаралық рейтингтік агенттігінің деректері бойынша әлемдегі ең үздік университеттер тізіміне енгенін атап өткен жөн. Бұл ретте бірнеше жыл бойы қарағандылық «Политех» қазақстандық жоғары оқу орындары арасында 8-орынды иеленіп келеді. ҚР техникалық жоғары оқу орындары арасында 2-орынды және осы рейтинг бойынша Қарағанды өңірінің жоғары оқу орындары арасында 1-орында.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button