Ресми

Қарағанды тас жолдарында 83 арнайы техника көмекке жұмылдырылған

Өңірдің әр жерінде қар қалың түсіп, жаңбыр себелеп тұр. Бұрқасын соғып, дала көктайғақ. Ал, желдің жылдамдығы – 20 м/с. Тіпті, кейбір жерлерде екпіні 28 м/с дейін болады деп күтілуде. «Қазгидрометтің» болжамы бойынша мұндай ауа-райы тек бүгін емес, ертең де, тіптті 14 ақпанға дейін созылуы мүмкін.

Сурет: qaj.kz сайтынан

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдардың 4 учаскесі мен облыстық маңызы бар жолдардың 15 учаскесінде жол көлік қозғалысына шектеу қойды.

– Елді мекендерден көлікпен және жаяу шықпаңыздар. Жабылу орындарында көлікпен жиналмаңыздар. Жол бойындағы объектілерде ауа-райының қалыпқа келуін күткен жөн. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ауа-райы туралы ақпаратты департаменттің ресми парақшасынан, теледидар, радио және әлеуметтік желілері арқылы қадағалап отырған жөн. Барлық тұрғындарды шектеу шараларына түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Облыстың мемлекеттік органдары, полиция бөлімшелері, медициналық қызметтер мен авариялық-құтқару бөлімшелері тәулік бойы кезекшілікте, – деді департамент мамандары.

Өңірдегі республикалық маңызы бар тас жолдарға «ҚазАвтоЖол» АҚ қызметкерлері қызмет көрсетеді. Бүгінде 83 арнайы техника жұмылдырып, әр учаскеге бөлген.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button