Қарағанды тұрғыны үйінде есірткі зертханасын ашқан
Кеше, 30 маусым күні Қарағанды облысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғынынан 7291 түп қарасора және алты қап кептірілген марихуана тәркіледі. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.
Қарағанды облысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғынынан 7291 түп қарасора және 6 қап кептірілген марихуана тәркіледі.
Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Шет ауданына қарасты ауылдардың бірінің тұрғыны құрамында есірткі бар «қарасора» өсімдігін өсірумен айналысатынын анықтады.
62 жастағы ауыл тұрғынының жеке үйінің ауласынан полиция қызметкерлері құрамында есірткі бар «қарасора» тұқымдасына ұқсас өсімдіктердің плантациясын анықтады.
Жедел-тергеу тобы қызметкерлерімен оқиға орынынан 7291 түп аталған өсімдік тәркіленді. Сондай-ақ, қора ішінен полиция қызметкерлері 6 қап және 2 бөтелке жасыл түсті кептірілген марихуана есірткісіне ұқсас заттарды тәркіледі.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 300 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz



