«Қарағанды-Стамбул» әуе рейсі іске қосылады
Түркияның сәнімен баурап алатын тарихи және мәдени орталығы Стамбулға Қарағандыдан қазақстандық FlyArystan лоукостері биылғы жылдың 4 маусымынан бастап тікелей рейсті іске қосады. «Қарағанды-Стамбул» әуе рейсі аптасына екі рет – сәрсенбі және жұма күндері ұшады.

– Қарағанды агломерациясының 870 мың тұрғыны бар. Бұл облыс орталығына жақын орналасқан 30-дан астам қалалар мен кенттер. Біздің тұрғындарымызда шетелге бару қажеттілігі бар, ал басқа әуежайлар арқылы жету өте ыңғайсыз. Қарағанды әуежайы – халықаралық әуежай, яғни ол авиакомпаниялармен серіктестік жасай отырып, бізді Стамбул, Дубай, Пекин, Шанхай сияқты негізгі хабтармен байланыстыра алады. Мен бұл біздің алдымызда тұрған үлкен жұмыстың басы ғана екеніне сенімдімін, – деді Қарағанды әуежайы директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Оспанов.
Авиабилеттер flyarystan ресми сайтында, мобильді қосымшада және басқа да ресурстарда қолжетімді.
FlyArystan – Орталық Азияның жетекші авиакомпаниясы Air Astana-ның еншілес компаниясы.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz