Жаңалықтар
Қарағанды полицейлері жалпы салмағы 240 келі есірткі тәркіледі
Қарағанды полицейлері есірткі сатушылардан 146 келі марихуана мен 94 келі гашиш тәркіледі.

Қарағанды қаласы ҚБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Алматы-Екатеринбург тасжолында түнгі 3.30 шамасында 38 жастағы ер адамның басқаруындағы жеңіл көлікті ұстады.
Сонымен қатар салонда 41 жастағы жолаушы болған. Көлік Шудан келе жатқаны белгілі болды. Автокөлікті тексеру кезінде есірткі заттарының үлкен партиясы тәркіленді. Сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктілер 146 келі марихуана мен 94 келі гашиш тасымалдаған. Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 240 келіні құрады. Күдіктілерге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ