Қарағанды полицейлері оқу орындарының қауіпсіздік жағдайын тексерді
Қарағанды облысының полиция департаменті аймақтық білім басқармасының өкілдерімен бірлесіп, білім беру ұйымдарының қауіпсіздігіне және терроризмге қарсы қорғау талаптарының сәйкестігіне кешенді мониторинг жүргізді. Бүгінгі таңда террористік тұрғыдан осал объектілер тізіміне 9 921 білім беру ұйымы енгізілген.

– Күзет қызметін бақылау тобының және кәмелетке толмағандар жөніндегі топтың қызметкерлері Қарағандының бірқатар жалпы білім беретін оқу орындарына барды. Дабыл түймелерінің жұмыс істеуі, сигналдың өту сапасы және жеке күзет ұйымдарының уақтылы ден қоюы тексерілді. Сондай-ақ, бейнебақылау жүйелерінің жарамдылығы, олардың қаланың ішкі істер бөлімдерінің кезекші бөлімдеріне қосылуы . оқу орындарының жауапты лауазымды адамдарының, қызметкерлердің және күзетшілердің өздерінің функционалдық міндеттері мен төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету алгоритмдері туралы білімдері тексерілді. Екі мектепте күзетшіге вахтердің міндеттері жүктелген фактілер анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша қажетті ұсыныстар берілді, – деп хабарлады облыстық ПД күзет қызметін бақылау тобының аға инспекторы Татьяна Литвинова.
Сонымен қатар, ол полицейлер білім беру объектілерінің әкімшілігімен бірлесіп өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы дайындық бойынша тұрақты негізде нұсқамалар өткізетінін атап өтті.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ