Қарағанды полицейлері 4000-ға жуық қылмысты ашты
«Достық» үйінде Қарағанды полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы подполковник Шахназар Салиннің халыққа есеп беру кездесуі өтті.
Ол – Қарағанды қаласының полиция қызметкерлерінің өткен жылы атқарған жұмыстары туралы қорытынды жасап, азаматтардың сұрақтарына жауап берді.
Шараның міндеті – елді қызықтыратын барлық мәселе бойынша толық ақпарат беру.
Кездесу барысында Ш.Салин жергілікті атқарушы органдармен және халықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша қабылданған шаралардың, қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және алдын алу бөлігінде өзара басқару қызметтерінің арқасында қаладағы криминогендік жағдай тұрақты болатынын атап өтті.
– Қаладағы криминогендік жағдайға құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бұрын қабылданған бағдарламалар мен жоспарларды жүзеге асыру оң әсер етеді. Жалпы, Қарағандыға облыс орталығы ретінде аймақ бойынша жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтың 50%-дан астамы тиесілі екеніне қарамастан, қызмет бағыттарының жекелеген түрлері бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді, – деді есептік кездесуде.
2018 жылы 31 қылмыс ашылып, 480-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Қоғамдық көмекшілерді материалдық ынталандыру мақсатында әкімдік 518 мың теңге бөлді, онда 35 азамат және 6 азамат қала әкімінің грамоталарымен марапатталды.
– Жалпы тіркеу саны 7,9%-ға азайды, оның ішінде, ауыр, орташа, жеңіл түрлері бар. Төрт мыңға жуық қылмыс ашылды (3837), оның ішінде, 500-ден ауыр және аса ауыр, өткен жылы 179 қылмыс ашылды. Қазіргі уақытта Қарағанды қаласының аумағында құқық қорғау бағытындағы 12 қоғамдық құрылым жұмыс істейді. Олардың ішінде, 140 қоғамдық көмекші, олардың мүшелері қоғамдық тәртіпті сақтауға өз еркімен көмек көрсеткен тұлғалар және құқық қорғау бағытындағы 4 студенттік жасақ, – деді подполковник Салин.
Сөз соңында ол, “қала тұрғындарымен, ПИК төрағаларымен, кәсіпорындар мен мекемелердің басшыларымен қажетті өзара іс-қимылсыз полиция қызметкерлерінің жұмысы тиісті әсер етпейді” – дей келе, полиция жұмысындағы маңызды аспектілердің бірі – халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімі екенін атап өтті.
Қарағанды облысы ПБ баспасөз қызметі