АймақҚарағанды

Қарағанды орталығында ғимарат опырылып түсті

Бүгін Қарағандыда Ерубаев көшесінде орналасқан бұрынғы АТФ банк ғимаратының бір бөлігі опырылып түсті. 

Сурет облыстық ТЖД

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, құлаған аумақтың жалпы көлемі шамамен 150 шаршы метрді құрайды. Оқиға болған сәтте ғимарат ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар болған.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштерімен ғимарат ішіндегі 15 жұмысшы қауіпсіз жерге дер кезінде эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Қазіргі уақытта оқиға орны толығымен қоршауға алынды, мамандар ғимарат конструкцияларын қосымша тексеріп, апаттың нақты себебін анықтауға кірісті. 

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button