Жаңалықтар

Қарағанды орталық саябағы наурызға дайындалу үстінде

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы жылдағы дәстүр бойынша биыл да орталық саябақта өтеді.

Биылғы наурыз айының мерекелік демалыс күндері 21, 22 және 23 наурызға сәйкес келіп тұр. Қала тұрғындары мен қонақтары Наурыз мерекесін дәстүр бойынша саябақта тойлайтындықтан, саябақтағы дайындық жұмыстары басталып кетті.

Ұйымдастырушылар киіз үйлер дәстүр бойынша Каскад алаңының бойына тігіледі дейді. Онда әртүрлі өнімдерді сату нүктелері де орналастырылмақ.

– Жағалауда мерекелік концерт өткізу үшін сахна орнатылады, ал саябақ сахнасында (бұрын мұз айдыны орналасқан) спорттық іс-шаралар өтеді. Сондай-ақ киіз үйлердің кейбірінде ұлттық тағамдар сатылады, – дейді мәдениет және демалыс саябақтары басқармасының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, фотоаймақтар мен дәстүрлі әткеншек және алтыбақан орнату жоспарлануда.

Қазіргі уақытта орталық саябақта және оған іргелес аумақта дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button