АймақЖаңалықтар
Қарағанды онкологиялық диспансерінде Ашық есік күні өтеді
№3 көпсалалы аурухананың (онкологиялық диспансер) дәрігерлері Қарағанды қаласының тұрғындарын тексерілуге шақырады. Мекемеде бас және мойын ісіктері туралы ақпараттандыру апталығы аясында Ашық есік күні өтеді.
Іс-шараның мақсаты – халық арасында қатерлі ісік ауруына шалдығу және осы локализацияны ерте диагностикалау мәселелері бойынша ақпараттық жұмысты арттыру. Ашық есік күні Қ.Аманжолова көшесі, 189 ( №3 көпсалалы аурухана) мекенжайы бойынша 5 қазан күні сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін өтеді.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.