АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағанды облысынының кейбір жолдарын су басты

ҚазАвтоЖол Қарағанды облысындағы су тасқыны туралы ақпарат таратты.

Сурет: ҚазАвтоЖол

– 2024 жылғы 25 наурызда сағат 17:50 шамасында ауа райының тез жылынуы мен қардың еруі салдарынан «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» автожолының 23+800 шақырымында су тасқыны орын алды (жақын елді-мекен Көкпекті ауылы, Бұхар жырау ауданы). Жол ІІІ санатқа жатады, су тасқынның ұзындығы 30 метрді, биіктігі 5 см құрады. Аталған учаскеде диаметрі 1 м болатын су өткізгіш құбыр орналасқан, – дейді ҚазАвтоЖол мамандары.

«ҚАЖсервис» ЖШС ҚӨФ ДЭУ-46 мамандары уақытша жол белгілері мен сигналдық тіректерді орнату бойынша жұмыстарды атқарды. Аталмыш шараға 2 бірлік техника мен жеке құрамның 5 адамы жұмылдырылды. Жолдарды су басу қаупі бар жоғары аумақтарда тәулік бойы бақылау және тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жолды шайып кету қаупі мен қозғалыс шектеулері жоқ.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button