АймақЖаңалықтар

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті жылдың үздік спортшыларын марапаттады

 

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті өткен жылды қорытындылап, мықты командалар мен спортшыларын марапаттады.

Суреттер: ТЖД

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше Бауыржан Текенов «Жылдың үздік спортшысы» атағын жеңіп алды. Ол мұндай жетістікке халықаралық аренадағы тамаша нәтижелерінің арқасында жеткен.

Қытайдың Харбин қаласында өткен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы әлем чемпионатында БауыржанТөкенов 100 метрге бөгетпен жүгіруден қола жүлдегер атанып, сонымен қатар қоссайыс бойынша Қазақстанның абсолютті рекордын орнатқан болатын. «Жылдың үздік жаттықтырушысы» атағы өрт сөндіру және құтқару спортының жаттықтырушысы Федор Сусловқа берілді. Оның спортшыларды дайындауға және жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне қосқан үлесін департамент басшылығы атап өтті. Сонымен қатар, департамент басшысы Марғұлан Аманбаев футбол, волейбол, гір тасын көтеру және қоян-қолтық ұрыстан жақсы нәтиже көрсеткен қызметкерлерді Алғыс хаттармен марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті. Сонымен қатар, «Jibek Joly» телеарнасындағы танымал 100 сарбаз реалити-жобасының қатысушысы атанған 15 өрт сөндіру бекетінің жүргізуші-қызметкері Ұлан Қайназарға ерекше назар аударылды.

– Бұл іс-шаралар құтқарушылардың өміріндегі спорттың маңыздылығын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар қызметкерлерді кәсіби және спорттық қызметте одан әрі табысқа жетуге ынталандырады. Төтенше жағдайлар қызметінің басшылығы мұндай жетістіктер командалық рухты нығайтуға және жалпы қызметтің беделін арттыруға септігін тигізетініне сенім білдіреді, – деп атап өтті департаменттң баспасөз қызметі.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button