Бас тақырыпРесми

Қарағанды облысының тұрғындарына тегін заңгерлік қызмет көрсетіледі

Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» кең ауқымды республикалық акциясы өтеді. Құқықтың барлық саласының жетекші сарапшылары тұрғындарды қызықтыратын мәселелер бойынша тегін кеңес береді. Аталмыш акция аясында 30 мамыр күні Қарағанды мен Балқашта тұрғындары мемлекеттік орган өкілдерінен, Қазақстанның жетекші заңгерлерінен тегін құқықтық көмек ала алады.

Сурет: massaget.kz

–  Акцияның мақсаты-халықтың құқықтық сауатын арттыру және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету. Мемлекеттік орган өкілдері азаматтарды қабылдап, жетекші сарапшылар кез келген құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді. Мамандар толық және сапалы кеңес бере алуы үшін мәселеңізге байланысты құжаттарды өзіңізбен бірге ала келіңіз, – делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.

Акцияға келе алмайтындар үшін Telegram-да арнайы чат-бот іске қосылды. Онда қалаңызды көрсетіп, өз сұрағыңызды қоя аласыз.

Қарағандыда акция Мемлекеттік және сервистік қызмет көрсету орталығында өтеді («Арлан моторс», Тәттімбет көшесі, 709).

Балқаштықтарды «Ашық әкімдік» ғимаратында күтеді. (Қараменде би көшесі, 15).

Басталуы 17:00.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен өтеді, ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Zakon.kz интернет-басылымы, Параграф ақпараттық жүйесі, Республикалық заңгерлер колледжі, мемлекеттік органдар, Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button