Қарағанды облысының су қоймаларында тасқын суын жинау штаттық кестеге сай өтіп жатыр
Қарағанды облысының су қоймаларында тасқын суын жинау және өткізу штаттық кестеге сай өтіп жатыр. Су шаруашылығы нысандарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қажетті арнайы техникамен жабдықталған жөндеу бригадалары бар, деп хабарлайды Ortalyq.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Самарқанд су қоймасында 73 млн. текше метр көлемде бос орын дайындалды. Бүгінгі күнге су қоймасы 83%-ға толы. Жиналған судың жалпы көлемі – 212 млн. текше метр. Бос көлем – 43 млн. текше метр.
Ынтымақ су қоймасында 68 млн. текше метр бос орын дайындалды. Бүгінгі күнге су қоймасында 51% бос орын бар. Жиналған судың жалпы көлемі 53 млн. текше метр. Су қоймасы қосымша 56 млн. текше метр су қабылдай алады.
Айта кетеу керек, жазғы-күзгі кезеңде су тораптарының металл бекітпелерінде жүк көтеру механизмдерін тексеру арқылы регламенттік жұмыстар жүргізілді.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.