Жаңалықтар

Қарағанды облысының статистика департаменті санақ персоналын оқытуды өткізді

Статистика департаментімен 2021 жылғы 7 қыркүйектен бастап 10 қыркүйекке дейін халық санағының негізгі кезеңінде материалдарды жинау және өңдеу бойынша аумақтық статистика басқармаларының қызметкерлерін және облыс қалалары мен аудандарының ұлттық халық санақтарға дайындық және өткізу бойынша нұсқаушыларымен оқыту жүргізілді.

Кіріспе сөзбен Статистика департаментінің басшысы Ж.Садыкова сөйледі. Әңгіме барысында ол семинарға қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Оқуды әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының басшысы Н.Дасаева және ұлттық халық санақтарға дайындық және өткізу бойынша бөлімнің басшысы Б.Сыздыкова өткізді.

Оқу кезінде барлық қажетті карантиндік шаралар сақталды. Теориялық курстан басқа компьютерлер мен планшеттік құрылғыларды қолдана отырып практикалық жаттығулар жүргізілді.

1 қыркүйектен бастап халық санағы басталғанын еске саламыз. Ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін ел тұрғындары санақты онлайн режимінде sanaq.gov.kz сайтында өте алады. Үй-үйді аралау ағымдағы жылдың 1-30 қазан аралығында басталады. Мемлекеттік статистика органдары нұсқаушы-бақылаушыларды және интервьюерлерді іріктеуге кірісті.

Басқа материалдар

Back to top button