Спорт

Қарағанды облысының спортшылары топ жарды

Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің 2023 жылғы жоспарына сай Теміртауда 18-23 жас аралығындағы жастардың ұлттық жекпе-жектен Қазақстан чемпионаты мәреге жетті.

 

Аталған чемпионатқа еліміздегі 10 облыс пен 3 ірі қаланың 185 спортшысы қатысып, бақ сынаған.

– Қарағанды облысы спортшылары бұл жарыстан 12 алтын, 5 күміс, 9 қолы медаль еншіліп, кенді өлкенің мерейін тасытты. Осылайша, жалпыкомандалық есепте Қарағанды облысының спортшылары I орынды, Шымкент қаласының жастары II орынды, Түркістан облысының қатысушылары III орынды жеңіп алды, – дейді облыстық жекпе-жек федерациясының басшысы Әділет Нұрмадиев.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button