Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды облысының спорт басқармасына тексеріс жүргізіледі

Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасында қызметтік тексеру жүргізіледі. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сурет: Freepik

– Оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі әділ зерделеу мақсатында Спорт басқармасында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тиісті департаменті тарапынан тексеру басталды. Сонымен қатар басқарманың қызметіне кешенді аудит жүргізу көзделіп отыр, – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сапиев пен оның орынбасары Даурен Есімханов арасындағы жанжал түсірілген бейнежазба тараған болатын. Оқиғадан кейін Серік Сапиев мәселе шешілгенін мәлімдеген еді.

Алайда кейінірек басқарма басшысы жаңа мәлімдеме жасап, орынбасарының әрекеттеріне қатысты бірқатар айыптаулар айтқан. Осыған байланысты уәкілетті органдар тарапынан қызметтік тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды.

Тексеру қорытындысы бойынша тиісті құқықтық баға беріліп, заң аясында шешім қабылданатыны атап өтілді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button