Ресми

Қарағанды облысының сайлаушылары дауыс беру үшін түрлі түсті бес бюллетень алады

Қарағанды облысында 761,5 мыңға жуық сайлаушы тіркелген. Алғаш рет дауыс бергендер – 13 мың. Сайлаушылар тізімін нақтылау жалғасуда. Өңірде 2023 жылғы 19 наурызға бекітілген Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлауға белсенді дайындық жүріп жатыр.

Облыстық сайлау комиссиясының бастамасымен мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлескен отырыс өтті.

– Заңнамаға сәйкес әкімдіктер сайлау учаскелеріне сайлаушылар тізімін берді. Бұған дейін сайлаушылар базасына адамдардың жекелеген санаттарын енгізу бойынша жұмыс жүргізілді: бұл студенттер, вахта бойыншы жұмыс істейтін қызметкерлер, әскери қызметшілер, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев. – Азаматтарды сайлау құқығын іске асыру мүмкіндіктері туралы хабардар етуді қамтамасыз ету маңызды. Түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін сайлау учаскелерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету ерекше назарда.

Өңірде 863 сайлау комиссиясы жұмыс істейді: облыстық, аумақтық, округтік және учаскелік комиссиялар.

–  Облыс бойынша барлығы 665 кандидат тіркелді, оның ішінде мәжіліске екі бір мандатты округ бойынша – 21. Барлық деңгейдегі мәслихаттарға 644 адам сайлауға түседі. Бір депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік 3,4 үміткерді құрайды, – деді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Нүркенов.

Ол дауыс беруге келген сайлаушыларға бес бюллетень берілетінін түсіндірді. Бланкілер әр түрлі түсті болады.

Мәжіліс депутаттарын партиялық тізімдер бойынша таңдау үшін – көк, ал бір мандатты округтер бойынша – жасыл.

Облыстық мәслихатқа дауыс беру үшін күлгін және қызғылт сары түсті бюллетеньдер, қалалық және аудандық мәслихаттарға – сұр түсті.

Әр бюллетеньде «барлығына қарсы» деген баған болады.

Ермағанбет Бөлекпаев сайлау учаскелерін жарақтандыру жөнінде тапсырма берді.

Сайлаушыларға тізімдерде өздерін тексеру керектігі еске салынды. Мұны әртүрлі тәсілдермен жасауға болады: әкімдіктердің сайттарында, sailau09.kz, сондай-ақ senim109 қызметіне қоңырау шалу арқылы.

Тіркелген үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді, ол 18 наурызда сағат 00:00-де аяқталады. 18 наурыз – тыныштық күні. 19 наурыз – сайлау күні.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button