Қарағанды облысының прокуратурасы тұрғындарға үндеу жасады

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Коронавируспен ауырғандар саны өсуде. Азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын қорғау — біздің басты мақсатымыз.

Өз денсаулықтарына қауіп төндіріп жүрген дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, тіршілікті қамтамасыз ететін ұйымдардың жұмысы вирустың таралуын төмендетуге бағытталған.

Сондықтан облыс аумағында карантин енгізіліп, 5 қалада (Қарағанды, Абай, Саран, Теміртау, Шахтинск) және 6 ауылдарда (Доскей, Үштөбе, Көкпекті, Ботақара, ат.Ғабиден Мұстафин, Петровка) шектеу шаралары күшейтілді.

Билік белгіленген талаптарды сақтау қажеттілігі туралы, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы бірнеше рет ескертті.

Осыған қарамастан, көшелерде адамдар мен көліктер әлі де көп, жекелеген тұлғалар қауіпсіздік шараларын бұзады, өздеріне және айналасындағыларға қауіп төндіреді.

Тек кешегі күні ғана көшеде еркін жүргені үшін 1 адам жауапкершілікке тартылды және балалары қараусыз жүргені үшін 3 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Полиция қызметкерлері мыңдаған көлік жүргүзушілері еңгізілген шектеулерді сақтау қажеттігі туралы ауызша ескертті.

Мысалы, Қарағандыда (Лобода көшесі бойында) тұратын жерінен бір жарым километрден астам радиуста жүргені үшін ер адам 10 тәулікке қамалды. Бұл бейсаналы азамат полицияның ескертуіне қарамастан, өзімен бірге құжаттары болмастан қала ішінде себепсіз жүруді жалғастырған.

Азаматтарға үйден және пәтерден шығуға тыйым салынғанын ескертемін. Тек келесі жағдайларда:

— жұмысқа барып — қайту;

— тұрғылықты жері мен жұмыс орнынан бір жарым километрден алыс емес қашықтықта азық – түлік пен дәрі – дәрмек сатып алу;

— медициналық ұйымдарға тек қана шұғыл жағдайларда шағымдану;

— тұрғылықты жерінен 500 метрден алыс емес қашықтықта үй жануарларын серуендету;

— тұрғылықты жерінен жақын жерде ЖҚС-та жанармай алу;

— банктік операцилар жүргізу үшін шығуға рұқсат берілген.

Әрбір тұрғынды азаматтық белсенділік танытуды сұраймыз. Егер, сіз біреудің көшеге шығып жатқанын байқасаңыз немесе адамдар топтасып жиналғанын көрсеңіз оларға ескерту жасауды өтінеміз.

Бүгін және ертең полиция органдары ТЖ режимі кезінде талаптарды бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Осыдан кейін барлық тәртіп бұзушыларға ең қатаң, қамауға дейінгі шаралар қолданылады.

«Үйде қалыңыз. Biz birgemiz».