Қарағанды облысының Полиция департаментіне 86 арнайы көліктер табысталды

Қарағанды облысы полиция департаментінің автопаркі 86 қызметтік автокөлікпен толықты.  Аймақ басшысы Ерлан Қошанов облыстық полиция департаменті қызметкерлеріне жаңа көліктердің кілтін табыстады.

— Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Еліміздің әр азаматының тұрақтылығы мен тыныштығы сіздердің ерен еңбектеріңіздің нәтижесі. Тұрғындар әр түрлі өмірлік жағдайларда бірінші кезекте сіздерге жүгінеді. Күндіз де, түнде сіздер алдыңғы қатардасыздар, — деді Ерлан Қошанов. 

 Жаңа көліктер жол-патруль қызметі мен жергілікті полиция бөлімшелеріне беріледі.