Жаңалықтар

Қарағанды облысының оқушылары роботтарды жобалауда бас жүлдені жеңіп алды

Қазақстанда алғаш рет дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп оқушылары арасында роботтар фестивалі өткізілді.

Сурет: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Фестиваль Сүлейман Демирель атындағы университет базасында өтті. Оған еліміздің әр өңірінен 44 команда, яғни 200-ге жуық оқушы бақ сынасқан. Қарағанды облысынан 5 команда қатысты. Олардың барлығы үздіктердің қатарында болды.

«Роботтарды жобалау» санатындағы Бас жүлде иегерлері Н. Нұрмақов атындағы ММЛИ командасы болды. Жеңімпаздар Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданып, халықаралық робот жасаушылар байқауына жолдама алды.

Аталмыш мектептің тағы бір командасы Инновациялық жобалар санатында бірінші орынды иеленді.  Апараттық технологиялар ММЛИ оқушылары бірінші және үшінші орын алды, ал «Мұрагер» ММЛИ екінші орын иеленді.

Роботтар фестивалін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен USTEM Robotics қоғамдық қоры ұйымдастырды. Жарыс FIRST халықаралық ережелері бойынша өткізілді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button