Қарағанды облысының қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланады
Қарағанды облысының қоғамдық кеңес Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңының негізінде және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы №69 қаулысымен бекітілген Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережесіне сәйкес Қарағанды облысының қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланады.
Конкурс кеңестегі бос орындарға жарияланады. Қоғамдық кеңес құрамында Қарағанды облысының барлық өңірлерінің мүдделерін білдіру үшін конкурс коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және Қарағанды қаласынан басқа аудандар мен қалалардың тұрғындары арасында өткізіледі.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау мына мекен-жай бойынша жүзеге асырылады:
«Қарағанды облысының мәслихатының аппараты» ММ, 100000, Қарағанды қ., Әлиханов к., 13-үй, III-қабат, 320 каб.
Электрондық мекен-жай: karqogam@mail.ru
Байланыс телефоны: Қоғамдық кеңес хатшысы Абеуова Гульнур Оналысовна +7 7758943288
Құжаттарды тапсыру мерзімі:
Қарағанды облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына қосымша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде, 2023 жылдың 3-і мен 16-ы тамыз аралығында қабылданады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңның 10-бабына сәйкес Қарағанды облысының шегінде тұрақты тұратын, он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылыстарына (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне Кандидатта болмауы тиіс:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған болуы;
3) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикалық, мінез-құлық бұзылыстарына (ауруларына), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты есепте тұруы.
Қарағанды облысының Қоғамдық кеңес президиумы