Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды
Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Айдын Смағұлов тағайындалды. Бұған дейін ол сол басқармада бөлімді басқарды, мемлекеттік құрылыс инспекторы болды. Кадрлық өзгерістер туралы аппараттық кеңесте өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев хабарлады.
Айдын Смағұловтың екі жоғары білімі бар. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Мемлекеттік қызметте 15 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Қарқаралы қаласы әкімінің аппаратында, Қарағанды облысының құрылыс басқармасында, Қарағанды облысының ТЖД, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде бас маман болып жұмыс істеді. МСҚБ басқармасында әртүрлі лауазымдарда еңбек етті, 2022 жылдан бастап осы тағайындауға дейін құрылыс бақылау бөлімінің басшысы – мемлекеттік құрылыс инспекторы болды.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.