Медицина
Қарағанды облысының медицина қызметкерлері Израильде тағылымдама курстарынан өтуде
5 – 11 тамыз аралығында Израильдегі Нагария қаласында қарағандылық медицина қызметкерлері «Триаж» жүйесі бойынша тағылымдама курстарынан өтіп жатыр.
Оқу бағдарламасында Қарағанды облысының әртүрлі медицина клиникаларының 15 дәрігері медициналық көмекті бағалау мен ұйымдастырудың заманауи әдістері мен принциптерін үйренуде.
Оқу курстарына төменде көрсетілген ауруханалардың қызметкерлері қатысуда:
- «Профессор Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК
- «Қарағанды қаласының №1 көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ КМК
- «Облыстық клиникалық аурухана» ШЖҚ КМК
- «Балқаш қаласының орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК
- «Теміртау қаласының көпсалалы ауруханасы» ШЖҚ КМК
- «Абай қ. ОА» КМК
- «Шахтинск қаласының орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК
- «Қарқаралы ауданы ОАА» КМК
- «Бұқар жырау ауданы ОАА» КМК
- «Шет ауданы» ОАА КМК
- «Абай ауданының ОАА» КМК
- «Ақтоғай ауданының ОАА» КМК
- «Осакаров ауданының ОАА» КМК
- «Нұра ауданының ОАА» КМК
- «Приозерск қаласының орталық ауруханасы» КМК;
Бұл курстың мақсаты – медицина мамандарының «Триаж» жүйесі туралы білімдерін тереңдету. Триаж – бұл науқастарға олардың жағдайы мен қажеттіліктеріне қарай медициналық көмектің жеделдігін анықтауға мүмкіндік беретін әдіс. Бұл медициналық көмек шектеулі ресурстар мен төтенше жағдайлар болған кезде өте маңызды.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
ortalyq.kz