Жаңалықтар

Қарағанды облысының әкімі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

Қарағандыда жолдарды жөндеу жұмыстары басталды. Құрылысшылар тек шұңқырлы және кезекті жөндеулерді жүргізіп қана қоймай, мүлдем жаңа жолдарды салуға кірісті. Биыл көлік инфрақұрылымын дамыту аясында облыс орталығында үш автожол құрылысы басталды. Солардың бірінде аймақ басшысы Жеңіс ҚАСЫМБЕК болып қайтты. Облыс әкімі «Трилистник» және «Панель-центр» ТК арасындағы жұмыстардың қалай жүріп жатқанын көрді. Ұзындығы 1,6 шақырымды құрайтын бұл учаске Тәттімбет көшесі мен Республика даңғылын қосатын болады.

Оңтүстік-Шығыстағы жаңа жолды «Агродор» ЖШС салады. Фирма директоры Наталья Мальчушкина жұмысты күздің соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл жерде суағарлар, велосипед жолы, жаяу жүргінші тротуары, жарықтандыру желілері құрылысы қарастырылған. Жұмыстар мерзімге сай басталды.

Облыс әкімі оқу жылының басында 103 мектепке кіреберіс және жаяу жүргіншілер жолдарын абаттандыруды тапсырған еді. 1 қыркүйекке қарай балалар мұнда қауіпсіз жүре алуы маңызды екенін және қандай да бір қолайсыздық болмауы керектігін атап өтті.

Сондай-ақ, облыс басшысы болашақ көтерме-тарату орталығы маңындағы М14 жолын қарап шықты. М-14 қиылысының өткізу қабілетін арттыру үшін Тәттімбет көшесіне қарай өтетін учаскеде қайта құру жұмыстары жүргізілетін болады. Мұнда асфальт ауыстырылып, жол кеңейтіледі. Мердігер компания жолды 1 маусымға дейін ашуға уәде беріп отыр.
Айта кету керек, биылғы жылы К. Маркс – Магнитогорская көшесіндегі және 7-ші магистральдағы екі автомобиль жолы күрделі жөндеуден өтеді. Бұдан басқа, 161 жол учаскесінде пайда болған ақауларды мердігерлер кепілді қызмет көрсету аясында түзетеді.

Жолдардағы жөндеу жұмыстарын бақылап болғаннан кейін Жеңіс Қасымбек теміржол вокзалына да барып қайтты. Құрылыс жұмыстары мұнда әлі аяқталмаған, вокзал пайдалануға берілген жоқ. Бұл үшін тапсырыс берушілер облыс әкімінің қатаң сынына ұшырады.

– Не күтіп отырсыздар? Қазір жолаушылар жоқ. Кемшіліктер көп. Сіздерде барлығын тиісті сәйкестікке келтірмейінше нысанды ешкім қабылдамайды, – деді Жеңіс Қасымбек.

Өз кезегінде вокзалды жөндеуге жауапты адамдар кемшіліктерді жою үшін тағы бір ай уақыт сұрады. Осы уақыт ішінде олар барлық ақауларды түзетуге уәде берді.
Сондай-ақ қалыпқа келтірілуі тиіс автовокзал ғимаратына келер болсақ, қала әкімі мамыр айынан бастап қасбеттерді жөндеуге кірісетінін айтты.

Басқа материалдар

Back to top button