Ресми

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕКТІҢ халықпен есептік кездесуі басталды

Аймақ басшысының есептік кездесуі карантиндік шектеулерге байланысты аймақтың барлық телеарналарында және әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілуде.


Қала тұрғындары Сұрыптау станциясындағы Мәметова көш., 111 үйдегі «Теміржолшылар», Пришахтинскідегі 22-ші ш/а, 27/1-үйдегі «Молодежный», Майқұдықтағы Магнитогорская көш., 19 үйдегі Жаңа Майқұдық, Оңтүстік-Шығыстағы Шахтерлер даңғ., 64 үйдеегі «Достық» үйінде және қала орталығындағы Кеншілер мәдениет үйлерінде орналасқан LED-экрандар арқылы тамашалап, сұрақ қоя алады.
Аймақтағы 9 аудан, 9 қала тікелей эфирге қосулы.
Есеп беру кездесуін трансляциялау кезінде сұрақтар 109 қысқа нөмірі және 8-708-703-58-58 WhatsApp нөмірі бойынша қабылданады.
Бұған дейін хабарлағанымыздай облыс әкіміне қала, аймақ тұрғындарының сұрақтары мессенджерлерге жолданған болатын.
Тікелей эфирді әлеуметтік желілердегі – Қарағанды облысы әкімдігінің ресми аккаунтында – Instagram Akimat09; – Saryarqa TV YouTube-арнасында; – Saryarqa news интернет-ресурсында; – еkaraganda.kz ақпараттық порталынан көруге болады.

Басқа материалдар

Back to top button