Коронавирус

Қарағанды облысының кәсіпорындарында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау күшейтіледі

Қарағанды облысындағы кәсіпорындарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейту жоспарлануда. Карантиндік шараларын күшейту бойынша басқа да шаралар қарастырылмайды. Дегенмен, жақын арада жеңілдетулер де болмайды. Бұл туралы Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Асқаров мәлім етті.

Өңірімізде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық деңгейін төмендету үшін облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің басшылығымен өткен өңірлік штабтың отырысында облыс аумағында мобильді бригадаларды ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Оған жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының мүшелері кіреді. Бригада санитарлық шаралардың сақталуын бақылауға және бизнесмендермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көмектесетін болады. Қойылатын талаптарды сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік Кодексінің 462 бабы, 3 бөлімі бойынша кәсіпкерлер сотқа берілуі мүмкін.

Қарағанды облысында соңғы аптада COVID-19 аурушаңдығының өсімі 43,3%-ды құрады. Аймақта каранантиндік шараларды жеңілдеткенге дейін ол 7%-дан аспады. Осындай күрт серпілістің себебін Қанат Асқаров кейбір кәсіпкерлердің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға немқұрайлы қарауымен түсіндірді.

– Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен қызметті қайта бастауға рұқсат етілген барлық кәсіпорындар барлық талаптарды қатаң сақтауы қажет. Орындалмаған жағдайда проблемалар пайда болады, аурушаңдық өсуде, ол біздің облыстың шартты түрде “таза” аумағына таралады. Егер облыстың әрбір тұрғыны қарапайым санитарлық талаптарды сақтаса, біз жұқтыру қаупін төмендетеміз, – деді ол.

Мысал ретінде облыстың бас санитарлық дәрігері “Қазақмыс” АҚ тиесілі “Нұрқазған” кенішін келтірді. Кәсіпорында коронавирустық инфекцияның 133 жағдайы тіркелген. Кеніштің 41%-ы Теміртау қаласында тұрады – бұл 54 адам. Қарағандыда 48% немесе 65 адам тұрады, Бұқар Жырау ауданында-11% немесе 14адам. Науқастармен қарым-қатынаста болған 1 515 адам анықталды, оның ішінде 244 жақын байланыста, 1 271 әлеуетті байланыста болған.

Қазір кеніштің жұмысы тоқтатылды. Ол 1 маусымға дейін жабылады. Байланыста болғандардың барлығынан ПТР-талдаулар алынды. Нәтижелер кейінірек белгілі болады.

Кейбір қарағандылықтар қоғамдық көлікте санитарлық талаптардың сақталмауына наразы. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде егер автопарктер алдағы уақытта санитарлық дәрігердің талаптарына немқұрайлы қарайтын болса, кейбір рейстер жабылылу мүмкін екенін хабарлады.

– Қоғамдық көлік қозғалысын қалпына келтірмес бұрын біз автопарктер басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Олар барлық алгоритмдерді және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды түсіндірді. Өкінішке орай, талаптар орындалған жоқ, адамдар маскаларсыз жүреді, рейстерден соң салондар өңделмейді, жолаушылар арасындағы қашықтық сақталмауда. Қазір автопарктер автобустардың салондарын қайта өңдеуге кіріскенін көріп отырмыз. Барлық дезқұралдар мен антисептиктер бар, маскалық режимді сақтайды, маршруттардың толымдылығы да қадағалануда. Бірақ адамдар автобусқа кіргенде, өз денсаулығы туралы бірінші кезекте өзі қамсыздануы керектігін түсінуі тиіс, – деп түсіндірді Қанат Асқаров.

Қарағанды облысында кәсіпорындарды бақылауды күшейтуден басқа да карантиндік шараларды күшейту күтілмейді. Балабақшалар, ерте даму орталықтары, кафелер мен мейрамханалар мамыр айының соңына дейін жабық болады. Биыл балалардың жазғы сауықтыру лагерлері жұмыс істемейді.

Балқаш, Қарқаралы және Топар демалыс аймағының жұмысы қашан қайта жандандырылатыны маусым айының басында белгілі болады.

Басқа материалдар

Back to top button