Бас тақырыпКоронавирус

Қарағанды облысының ірі кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істейді

Қарағанды облысында ірі өндірістік кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істейді. Компаниялар кеңседегі қызметкерлерін қашықтықтан істейтін жұмыс режиміне ауыстырды. Объектілерде санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілген.


“Қазақмыс” корпорациясы медициналық куәландыру орындарының санын арттырды. Температуралық бақылау жүргізілуде.
“АрселорМиттал Теміртау” компаниясы қызметкерлерді оқыту курсын тоқтатты. Жұмыс орындарында қолға арналған антисептиктер бар аппараттар орнатылды. Үй-жайларды жинау тәртібі жиіледі. Жұмыс автобустары да дезинфекциялық құралдармен үнемі өңделеді. Сондай-ақ, басқа да ірі кәсіпорындар ғимараттарды кварцтауда. Кей мекемелер тепловизорларды кіре берісте орнатуды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, компаниялар барлық халықаралық іссапарларды тоқтатты.
Облыстың тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді және тұтынушыларды коммуналдық қызметтермен тұрақты қамтамасыз етеді.

Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары анықталған жоқ. Екі науқас емдеу курсын алуда. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Тәулік бойы бақылау жасайтын карантинде 375 адам бар. Бұл – 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. Тағы 79 адам үй жағдайында карантинде жатыр.

Облыстық маңызға ие автомобиль жолдарында санитарлық бекеттер жұмысын жалғастыруда, онда полиция және санитарлық қызмет өкілдері бірлесіп кезекшілік етуде. Көлік қозғалысына шектеу қойылған жоқ. Барлық жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулық жағдайы тексерілуде.
Облыста су тасқыны жағдайының шиеленісуі жоқ. Ірі су қоймаларында су жіберу ұлғайтылды. Өзендерде және көлдерде еріген суды қауіпсіз өткізу үшін мұзды ұсақтау мен жару жұмыстары жалғасуда. Автомобиль және темір жолдарда су басу жағдайы тіркелген жоқ. 

Басқа материалдар

Back to top button