Облыс әкіміРесми

Қарағанды облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2020-2024 жылдарға арналған Жол картасы

Қарағанды облысындағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм МЫРЗАҒАЛИЕВТІҢ тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қазан айында экология департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен, табиғат пайдаланушылармен, сондай-ақ жұртшылық өкілдерімен бірлесіп, Қарағанды облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2020-2024 жылдарға арналған Жол картасын әзірледі. Жол картасын ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. М. Мырзағалиев және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК бекітті.

Жол картасы келесі бағыттар бойынша жалпы 57 іс-шараны қамтиды:

– Атмосфералық ауаға шығарындыларды азайту

– Су ресурстары

– Қалдықтарды басқару саласы

– Көгалдандыру

– Қоршаған орта жағдайына мониторинг.

Жол картасының іс-шараларын орындауға арналған жоспарлы шығындар 208,8 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде кәсіпорындардың меншікті қаражаты: 170 млрд. теңге, республикалық бюджет: 24 млрд. теңге, халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз қаражаты: 14,6 млрд. теңге, облыстық бюджет: 260 млн. теңге.

Басқа материалдар

Back to top button