ҚарағандыРесми

Қарағанды облысының Дін істері жөніндегі басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Жанболат Ахуанұлы Сектай Қарағанды облысы Дін істері басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Жанболат Сектай 1992 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданында дүниеге келген. Оның екі жоғары білімі бар.

2013 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Нұра ауданы Кертінді ауылы әкімінің аппаратында жетекші маманнан бастаған. Нұра ауданы әкімінің аппаратында, Қарағанды облысының конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерделеу және талдау бөлімінің және орталығының басшысы, Қарағанды облысының дін істері басқармасының бас маманы, кейін осы ведомствоның бөлім басшысы болып жұмыс істеді.

2020 жылдан 2022 жылға дейін облыс әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссия бөлімін, 2022 жылдың тамызынан бастап осы тағайындауға дейін ұйымдастыру-инспекторлық бөлімді басқарды.

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button