Жаңалықтар

Қарағанды облыстық білім басқармасы балалар мен ата-аналарға арналған байқау жариялады

Қарағанды облысының білім басқармасы 2020 жылғы 10-30 сәуір аралығында қашықтықтан «Отбасылық күндер» атты облыстық байқау жариялайды.

Сайысқа кімдер қатыса алады? 
1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар және олардың ата-аналары (әжелер, аталар, тәтелер, ағалар, інілер, апа-сіңлілер).

Не істеу керек?
Ересек адам мен оқушы баланың ортақ шығармашылық іспен айналысу сәтінен 1-2 минутқа дейінгі бейнеролик жасап, @karagandyoblysybilimbaskarmasy @saryarkadaryny.kz парақшаларын белгілей отыра, номинацияның атауы, баланың аты-жөні, қаласы көрсетілген бейне сипаттама жасауы қажет.

Қандай номинациялар қарастырылған? 
1. «Отбасылық құндылықтар». Мұнда барлық отбасы мүшелерінің немесе оның көп бөлігінің қатысуымен отбасы өмірінің кез келген сәттерін көрсетуге болады. Балаға қандай дәстүрлер үйретіледі? Олар нені көздейді? Отбасылық дәстүр қандай қасиеттерге үйретеді?

  1. «Біздің қамал». Бала мен ата-ана қолда бар құралдар мен материалдардан қамал салады. Бала өз әсерлерімен бөліседі, оған құрылыс процесі кезінде не ұнағаны және ол өз бекінісін не үшін салғаны туралы айтады.
  2. «Кішкентай дәрігер». Бала дәрігер ретінде, ал, ата-аналар науқастардың рөлін атқарады немесе керісінше. Баланың қиялына ерік беріңіз және сіз бір минут ішінде «ойыншық» шаншумен емделіп, «өз кішкентай дәрігеріңіздің» сенімді қолында бола алатындығыңызды көресіз.
  3. «Кішкентай аспаз». Ана немесе әке баланы әртүрлі тағамдарды дайындауға тарта алады. Бұл қызықты сабақты баламен бейнеге түсіріңіз. Әрине, нағыз аспаздық шедевр жасау үшін талант пен білімге ие болу керек! Ал, бұл туралы дайындау барысында айтуға болады.
  4. «Кішкентай стилист». Бұл бағытта бала өзін сәнді стилист ретінде сезінуі керек. Оған сәнді образ жасауға көмектесіңіз. Шығармашылық нәтижелерін бейнематериалда көрсете біліңіз.
  5. «Қалдықтан кіріске». Ересектер мен балалар кез-келген нәрседен, тіпті қалдықтардан пайдалы заттар жасай алады. Балалармен ғажайып заттар жасаңыз. Нәтижелері таң қалдырады деп ойлаймыз.
  6. «Спорттық отбасы». Өз балаңызбен спортпен шұғылдануды бейнеге түсіріңіз. Ол салауатты өмір салты деген нені білдіретінін айтып, көрсетсін.
  7. «Менің отбасым – менің байлығым». Бұл номинацияда әрбір қатысушы отбасы мұрағатынан қызықты фотосын көрсетіп, отбасы ұрпақтарының сабақтастығы туралы айтып беруі тиіс.

Бейнероликтің талаптары қандай? 
– бейнероликтің сапасы жақсы, бөгде дыбыссыз және оң әсерлі болу қажет;

– жазу барысында бейне субтитрлермен немесе дыбыстық сүйемелдеумен толтырылу қажет; 
– қосымша дыбыс және басқа әсерлер құпталады.

Бағалау критерийлері:

– мазмұндылығы; 
– креативтілік; 
– отбасылық құндылықтарды көрсету.

Шарты: Қатысушылар өз инстаграмм парақшаларында #отбасылықкүндер #бізүйдеміз хештегтерін қойып, бейнежазба жариялау керек.

Байқаудың қорытындысы онлайн режимде ашық дауыс жинау арқылы өтеді.

Жеңімпаздар дипломдар мен сыйлық сертификаттарын алады.

https://www.instagram.com/p/B-xVPsZBHR_/?igshid=exxeaf433vvy

Басқа материалдар

Back to top button