Жаңалықтар

Қарағанды облысының бас имамы Нұр-Мүбарак университетінің студенттерімен кездесті

Алматы қаласында орналасқан Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Қарағанды облысынан шыққан 50-ге жуық студент білім алуда. ⠀

Суреттер: ihsan.kz

Осы орайда, Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлы Алматы қаласына барған қызметтік сапары барысында облысымыздан келіп, білім алып жатқан жастардың басын қосып, сұхбат құрды. ⠀


Облыс имамы университеттің тыныс-тіршілігімен танысып, шариғи білімін шыңдап жүрген жастарға ақыл-кеңестерін бөлісті. Сондай-ақ әрбір студенттің  оқу барысы, үлгерімімен жекелей танысып, өтініш-тілектерін тыңдады. ⠀

Басқосуда ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Жас маман, ауылға қадам бас, маман» жобасы аясында діни мамандарды ауылға қызметке тартудың кешенді бағдарламасын жеткізіліп, осы жолда өкілдік тарапынан да барынша қолдау көрсетілетіндігі айтылды. ⠀

Келелі кездесу соңында студенттерге арнайы дәм беріліп,  облыс бас имамы білім іздену жолында жүрген студенттерге   дұға жасап, ынталандыру сыйлықтарын табыс етті.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button