Қарағанды облысының БАҚ қызметкерлеріне арналған конкурс

НАЗАР аударыңыз!

Қарағанды облысының бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне арналған Конкурс

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы» ММ журналисттер арасында мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өлшеусіз үлес қосқан отандық арнайы қызметтің қарағандылық қызметкерлері туралы үздік материалға байқау өткізеді.

Байқаудың мақсаты азаматтарда (әсіресе жастарда) маңызды рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар ретінде азаматтықты, патриотизмді дамыту.

Қатысуға республикалық және облыстық баспа басылымдарында, электрондық платформаларда (ақпараттық агенттіктер, жаңалықтар порталдары) тиісті тақырыпта өз материалдарын (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жариялаған Қарағанды облысының БАҚ қызметкерлері шақырылады.

Марапаттар келесі номинацияға беріледі:

— «Үздік мақала«;

Үміткерлерді марапаттау жөніндегі комиссияның қарауына ұсынуды газеттер мен журналдардың редакциялары, сондай-ақ журналистер мен БАҚ қызметкерлері дербес жүзеге асырады. Ұсынымға қоса беріледі:

қысқаша өмірбаяндық ақпарат;

ақпараттық материалдар тізімі.

Бір автор бірнеше материалды ұсына алады, бірақ үштен артық болмауы тиіс. Түрлі жанрдағы материалдар (очерк, сұхбат, репортаж), сондай-ақ жарияланымдар циклдары қабылданады.

Жарияланымдар түпнұсқада (PDF-форматта толық басылымға артықшылық беріледі) немесе электрондық БАҚ-қа арналған материалға гиперсілтемелер (ұйымның атауын, орналастырылған күнін және автордың толық байланыс деректерін көрсете отырып) ұсынылуы тиіс.

«Конкурс» деген белгісі бар санамаланған ақпарат электрондық мекенжайға жіберілуге тиіс: sabirkama@mail.ru

Сондай-ақ, өтінімдерді Қарағанды қаласы, Әдіханов қөшесі,13, 410 каб. мекенжайы бойынша flash-картаменұсынуға болады

Өтінімдер 2022 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады.

Анықтама телефоны : 8/7212/ 504-509

Жеңімпаздар 1,2,3-ші орындарға бөлініп, бағалы сыйлықтармен марапатталады.