Медицина

Қарағанды облысының ауыл тұрғындары 7 млрд теңгеге аудандық ауруханалар мен емханаларда емделді

2023 жылдың 7 айы ішінде медициналық сақтандыру қоры облыстың медициналық ұйымдарына емдеу-диагностикалық іс-шараларын қаржыландыруға 84,4 млрд теңге бағыттады, оның ішінде ауылдық денсаулық сақтауды қаржыландыруға 7 млрд теңге бөлінді.

 

Бұл қаражат ауылдық ауруханаларда әртүрлі диагноздары бар науқастар тәулік бойы/күндізгі стационарлар жағдайында да, амбулаториялық деңгейде де алған емдеу ақысын төлеуге бағытталған. 2,2 млрд теңге МӘМС пакетінен, негізінен мамандандырылған, оның ішінде хирургиялық емдеуге және ТМККК пакетіне кірмейтін консультациялық-диагностикалық қызметтерге ақы төлеуге жіберілді. Сонымен қатар, медициналық сақтандыру қорынан 92,6 млн теңге жылжымалы медициналық кешендердің жұмысына ақы төлеуге жұмсалды. Олардың көмегімен шалғайдағы елді мекендерде 2023 жылдың 7 айында 26 730 тексеру, пациенттерді қарау және талдау жүргізілді.

– МӘМС жүйесін енгізумен облыстың бірқатар медициналық ұйымдары жылжымалы медициналық пункттерге ие болды. Бұл ауыл тұрғындарына, әсіресе шалғайдағы елді мекендерге медициналық көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік берді. Ауыл тұрғындарына дәрігерге қаралу үшін, кәсіби тексеруден өту үшін қалаларға немесе аудан орталықтарына барудың және уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Сондай – ақ, бұндай іс-шаралар ауруларды ерте анықтауға оң әсер етеді, – дейді медициналық сақтандыру қоры бойынша Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Ағымдағы жылдың шілдесінде Қарағанды облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсетуге МӘМС пакетіне қосымша 3,7 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 1,2 млрд теңгесі консультативті-диагностикалық көмекке (амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекке), 1,5 млрд теңгесі стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекке, 673 млн теңгесі мектеп медицинасына және 299 млн теңгесі ауыл халқына стационарлық/стационарды алмастыратын көмек көрсетуді қаржыландыруға жоспарланған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button