Бас тақырып

Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту жарияланды

Ауа-райының нашарлауына байланысты Республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Сурет: облыстық ТЖД

07.01. 21-30-дан Республикалық маңызы бар а/ж «Екатеринбург – Алматы» (1505-1854 км, Новостройка елді мекені – Балқаш қаласы);

– 07.01.23-40-тан «Қалқаман – Баянауыл – Үміткер – Керней – Ботақара» республикалық маңызы бар а/ж (231 – 324 км, Ботақара ауылы – Павлодар облысының шекарасы);

– 07.01. 23-40-тан «Қызылорда – Павлодар» республикалық белгісінің а/ж (970-1135 км, Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы);

– 07.01.23-40-тан «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз» республикалық автожолы (17-217 км, Қарағанды қаласы – Қарқаралы қ.).

– 08.01. 00-00-ден «Қызылорда-Павлодар» (788-906 км, Ұлытау облысының шекарасы – Топар ауылы)

– 08.01. 08-00-ден «Екатеринбург-Алматы» А/Д (1353-1426 км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау ПВП) қоғамдық және жүк көліктері үшін қозғалыс шектелді.

– 08.01. 09-00-ден «Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау» (51-256 км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау).

– 08.01. 10-20 дан «Екатеринбург – Алматы» (1426-1459 км, Теміртау қ. – Қарағанды қ.).

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖД, ПД және жол қызметтеріннің барлығы 63 адам және 33 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Жолдар жабылғалы бері әртүрлі аудандарда 141 көлік қозғалысы (оның ішінде 181 адам) тоқтатылды.

Осыған байланысты облыс тұрғындары келесі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы қажет:

– Елді мекендерден тыс жерге жол жүруден және жаяу серуендеуден бас тартыңыздар!

– Жабылатын жерлерде көлік кептелісін жасамаңыздар!

– Жолда қалып қойсаңыздар жол бойындағы нысандармен мен кемпингтерде қолайсыз ауа-райын күтіңіздер!

– Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

– Ауа райының өзгеруіне қарай киініңіздер!

– Төтенше жағдайлар департаментінің ресми парақшалары мен әлеуметтік желілердегі жолдардың жабылуы, көлік қозғалысының шектелуі немесе ашылуы туралы ақпаратты қадағалаңыздар!

Барлық оқиғалар мен төтенше жағдайлар туралы 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарласыңыздар!

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button