Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды облысының 70% табиғи газбен қамтылады

Қарағанды облысында 2019 жылы «Сарыарқа» магистральдік газ құбырының құрылысы басталады. Өңірдің 120 елді мекеніне табиғи газ тарту жоспарланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші кезеңде ұзақтығы 1064 шақырым болатын Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Астана бағыты бойынша магистральдік газ құбырының құрылысы жоспарланып отыр. Оның 836 шақырымы Қарағанды облысына тиесілі», – деді Қарағанды облыстық ТКШ және энергетика басқармасы газбен жабдықтау бөлімінің басшысы Ринат Қыдырбеков.

«Сарыарқа» магистральдік газ құбырының құрылысының басталуы 2018 жылдың шілдесіне жоспарланған. Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Теміртау бағыты бойынша алғашқы кезең 2019 жылдың желтоқсанына дейін аяқталады. Бірінші кезеңде шамамен 267,3 млрд теңге жұмсалмақ.

Ведомство атап өткендей, Қарағанды облысының әкімдігі аймақтық желілер мен магистральдік газ құбыры құрылысының мерзімін үндестіруді ескере отырып, инфрақұрылымды салу үшін жол картасын жасады.

Жеке және көп қабатты тұрғын үйлерге газ тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, газ құбырының құрылысы Қарағанды облысы аудандарының экологиялық жағдайын жақсартады. Газдандыру арқылы атмосферадағы зиянды заттардың деңгейін төмендетуге болады. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button