АймақҚарағанды

Қарағанды облысында зиянды жұмыс істейтіндерге арнайы төлем беріледі

Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті басшысының Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Гүлшат Оспанова арнайы әлеуметтік төлем тағайындау өлшемшарттары туралы айтып берді.

Сурет: өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қазақстандықтарға арнайы әлеуметтік төлем енгізілді. БЖЗҚ мәліметтері бойынша, Қарағанды облысында оған 5629 адам үміткер.

– 55 жасқа және одан жоғары жасқа толған, жұмыс берушісі міндетті зейнетақы кәсіптік жарналарын 7 жыл және одан да көп төлеген, зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыста еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды факторлардың әсері жоқ басқа жұмысқа ауысқан азаматтарға төлем тағайындалады, – деп мәлімдеді Гүлшат Оспанова.

Қызметкерден өтініш талап етілмейді. Төлем SMS арқылы автоматты түрде тағайындалады және банктегі шотқа бірыңғай төлеммен түседі. Қауіпсіздік мақсатында 1414 нөмірінен SMS-ке жауап беру және жеке деректерді үшінші тұлғаларға хабарламау ұсынылады. Жұмыс істемейтін қарағандылықтар да ХҚКО-ға жүгіне алады.

Зиянды жағдайда жұмыс істейтіндерге төлем төрт көзден қарастырылған:

– республикалық бюджеттен – ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшеріндегі арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы (86 814 теңге);

– БЖЗҚ-дан – жинақталған сомаларды жеке негізге ала отырып, қолда бар зейнетақы жинақтарын ескере отырып, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдері;

– өмірді сақтандыру компаниясынан (ӨСК) – бір ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде сақтандыру төлемі (43 407 теңге);

– жұмыс берушінің қаражаты есебінен – бір ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде кәсіби төлем (43 407 теңге).

Қазіргі таңда зиянды жағдайда жұмыс істемейтіндер үшін екі көзден: бюджет пен БЖЗҚ.

Арнайы төлемдер өмір бойы тағайындалмайды. Ол зейнеткерлік жасқа толғанға дейін төленеді.

 Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button