Қарағанды облысында жылыту маусымына дайындық аяқталуға жақын
Жылыту маусымының басталуына шамалы уақыт қалды. Ауа-райы суыта бастағанға дейін барлық әлеуметтік нысандар толық дайын болуы тиіс. Қазіргі уақытта облыс бойынша жылыту маусымына дайындық аяқталуға жақын. Оған 1 400 км-ден астам инженерлік желілер, 1 083 әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысан сондай-ақ 5 670 көпқабатты тұрғын үй дайындалды.

Облыстағы 7 энергия көзінде негізгі жабдықтарға жыл бойы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Биыл облыс өңірлерінде жаңа қазандықтардың құрылысы жүргізілуде және қолданыстағы нысандарда жөндеу жұмыстары атқарылуда.

–2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына Абай ауданының және Осакаров ауданының 3 жаңа модульдік қазандықты іске қосу жоспарлануда. Аталған шаралар халықты тұрақты әрі үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге бағытталған. Жалпы, жылыту маусымына дайындық жалғасуда және тұрақты бақылауда тұр, – деп атап өтті Қарағанды облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Тілектес Досаев.
Аяулым СОВЕТ