Аймақ

Қарағанды облысында жылдың үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Кеншілер мәдениет сарайында Қарағанды облысы әкімі сыйлығының биыл 10 медицина қызметкері марапатталды.

Алдағы екі жылда Қарағанды облысында 92 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынады. Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері шетелде де өз біліктіліктерін арттыруда. Бұл шаралардың барлығы халыққа медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді, деп атап өтті өңір басшысы Ермағанбет Бөлекпаев.

– Құрметті медицина қызметкерлері, ең қиын, бірақ өте қажет және маңызды мамандықты таңдағандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Сіздердің жүректеріңіз алтын. Сіздер еліміздің медицина саласының дамуына елеулі үлес қосып отырсыздар, – деді Ермағанбет Бөлекпаев. – Облыста медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту және заманауи, жоғары технологиялық техникамен жарақтандыру үшін көп жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыс одан әрі жалғасады.

“Мамандыққа адалдығы үшін” номинациясы бойынша екі миллион теңге көлеміндегі бас сыйлықты Теміртау қаласының көпсалалы ана мен бала орталығы директорының медициналық бөлім бойынша орынбасары, акушер-гинеколог Валерий Лаишев алды.

– 2 тамызда мен бұл мамандықта жүргеніме 44 жыл болады. Мен 70 жастамын. 1979 жылы Қарағанды медицина институтын бітірдім, содан кейін бөлу бойынша Көкшетауда үш жыл жұмыс істедім, сонан соң Теміртауға туған жеріме оралдым, – дейді Валерий Лаишев. – Осы жылдар ішінде көптеген сәбилердің дүниеге келуіне көмектестім, маған бірнеше ұрпақ өкілдері келіп босанып жатады. Мен ешқашан осы мамандықты таңдағаныма өкінген емеспін. Мен үшін бұл екі жанның өміріне – ана мен балаға үлкен жауапкершілік.

“Үздік санитарлық дәрігер” номинациясында Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Бейбіт Әбжанов марапатқа ие болды.

– Мен Қарағанды медициналық университетінің түлегімін. Еңбек жолымды 1987 жылы бастадым. Мамандығым бойынша 36 жыл жұмыс істеймін. Осындай жоғары марапат мен үшін үлкен мәртебе және жақсы жұмыс істеуге ынталандыру, – деп атап өтті Бейбіт Әбжанов.

Облыс әкімінің 2023 жылғы сыйлығының лауреаттары:

– “Үздік акушер-гинеколог” – Елена Нагирная, Абай қаласының Орталық ауруханасының акушер-гинекологы; 

– “Жалпы тәжірибе үздік дәрігері” – Дина Өтеубаева, Қарағанды қаласының № 3 емханасының жалпы практика дәрігері;

– “Үздік педиатр” – Елена Головчик, Қарағанды қаласындағы балалар ауруханасының кардиоревматологиялық бөлімшесінің меңгерушісі;

– “Үздік ауылдық дәрігер” – Нұрлан Кәкенов, аға дәрігер, Осакаров ауданы Молодежный кентінің ОАА ауылдық ауруханасының хирург-дәрігері;       

– “Үздік хирург” – Қайрат Шакеев, дәрігер-хирург, Қарағанды қ. № 3 ЖБ хирургиялық қызметінің басшысы;

– “Үздік орта медицина қызметкері” – Оксана Ғабитова, Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы КА травматологиялық орталығының қабылдау бөлімінің аға медбикесі;   

– “Үздік жас дәрігер” – Айдана Мұқанова, Абай ауданы орталық ауруханасының күндізгі стационарының дәрігер-терапевті;

– “Үздік эпидемиолог” – Людмила Ким, Теміртау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы.

Биылғы жылы он номинацияның екеуі – “Үздік ауыл дәрігері” және “Үздік жас дәрігер” алғаш рет тағайындалды.

Медицина қызметкерлері үшін мерекелік концерттік бағдарлама дайындалды.

Басқа материалдар

Back to top button