Қарағанды облысында жыл соңына дейін бір жарым мың кезек күтуші тұрғын үйге ие болады
Биыл тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 1488 пәтер тапсыру жоспарланған.

– Биыл біз 1488 пәтерді тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға тапсыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде 155-і – жалға берілетін тұрғын үй, 230-ы – несиеге берілетін, ал мыңнан астам пәтер әлеуметтік осал топтарға сатып алынбақ. Биыл Балқаш, Абай және Шахтинск қалаларында төрт несие үйді пайдалануға беру жоспарлануда, – деді Саян Мұратұлы.
Аудандарда шағын форматтағы үйлер – екі, төрт және алты пәтерлі баспаналар бой көтеруде. Нысандар дайын болған соң, пәтерлерді сатып алу үшін конкурс рәсімдері өткізіледі. Биылдан бастап жалдамалы және несие тұрғын үйлерді бөлу «Отбасы банк» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Қазірдің өзінде кезекте тұрғандар үшін 144 пәтер сатып алынды.
Аяулым СОВЕТ