Жаңалықтар
Қарағанды облысында жолдарды күтіп ұстау ережелерін бұзғаны үшін 278 уәкілетті тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік полиция қызметкерлері автомобиль жолдарына, қалалар мен аудан орталықтарының жол желілеріне 1161 учаскесіне тексеру жүргізді. Нәтижесінде жол және коммуналдық мекеме басшыларына кемшіліктерді жою жөнінде 1107 нұсқама берілді.
Соңғы алты айдың қорытындысы бойынша жолдарды күтіп ұстау ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 630-632-баптары бойынша 278 уәкілетті тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Елжас Жартыбаев мәлімдеді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz