Бас тақырыпБасты тақырып

Қарағанды облысында жол қызметтері күшейтілген режимге көшті

«ҚазАвтоЖол» Қарағанды облыстық филиалының мәліметінше, суық түсуіне байланысты  облыстың жол қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне өтті. Астана – Қарағанды, Қарағанды – Балқаш және Қарағанды – Қарқаралы бағыттарындағы жолдарға ерекше назар аударылған. Бұл учаскелерде қар үйінділері мен мұз қату жиі байқалатындықтан, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылуда.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Филиал мамандары атап өткендей, әр учаскеге арнайы техника мен жауапты мамандар бекітілген. Сонымен қатар, қардың жиналуын болдырмау үшін ағаш қалқандар орнату, жол жиегін тазалау және басқа да пассивті шаралар жүргізілуде.

Қазіргі таңда республикалық маңызы бар жолдарда жалпы ұзындығы 143 шақырымнан асатын тұрақты қар тоқтатқыш қоршаулар орнатылған. Ал жақын уақытта тағы 11 шақырымнан астам уақытша қалқандар қойылады.

Мамандардың айтуынша, бұл шаралар қыстың күрделі ауа райы жағдайында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. 

Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button